Атырауда полицейлер ауласына 47 түп қарасора еккен күдіктіні ұстады

Атырауда полицейлер ауласына 47 түп қарасора еккен күдіктіні ұстады

Атырау облысында полиция облыс прокуратурасымен бірге ауласына 47 түп қарасора өсірген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"64 жастағы күдікті тұрғылықты тұратын үйінің ауласының қоршауын көрінбейтіндей етіп жабдықтаған. Тінту жүргізу кезінде ауладан тәртіп сақшылары 8 келі 800 грамм болатын 47 қарасора бұтасын тәркіледі", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан