- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда полицейдің отбасында...
Атырауда полицейдің отбасында үшем дүниеге келді
Атырауда полицейдің отбасында үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұрабек Құмаров — Ішкі істер органдарындағы қызметін 2023 жылы бастаған жас маман. Қазір ол Атырау облысы Құрманғазы аудандық полиция бөлімі тылдық қамтамасыз ету тобында қызмет етеді.
2016 жылы Мұрабек Арай Ерғалиевамен отау құрды. Олардың отбасында жақында ғана Нұриман, Нұрислам, Нұрмұхаммед есімді батырлар дүниеге келді.
Сонымен жас отбасы 5 перзенттің ата-анасы атанды.
"Қазақта "Әр баланың өз несібесі бар" деген бар. Сондықтан екеуміз де сәбилердің шуақты күлкісіне толы көпбалалы отбасы болсақ деп армандадық, арманымыз орындалды. Отбасымның қолдауы, жұмыстан шаршап келгенде балаларымның алдымнан жүгіріп шыққанынан артық бақыт жоқ деп ойлаймын. Кез келген ата-ана балаларының болашағы жарқын болса, сүрінбесе, құламаса деп ойлайды. Ал оларды адал әрі саналы азаматтар етіп тәрбиелеу – біздің борышымыз", – деді көпбалалы әке Мұрабек Құмаров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан