- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда полицей қызметкері...
Атырауда полицей қызметкері мопед жүргізушісін қағып кетті
Атырауда полицей қызметкері көлік жүргізіп келе жатқан мопедистті қағып кетуге мәжбүр болды. Бұған дейін жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып қашып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Жаяу жүргіншілермен соқтығысқан сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Мопед жүргізушісі Сәтбаев даңғылында үш жаяу жүргіншіні қағып кетіп, тоқтамай, жол апаты болған жерден кетіп қалады.
"Полицейлер құқық бұзушының кім екенін анықтады.Жүргізуші кәмелетке толмаған Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Мопед полиция бөліміне жеткізілді. Құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін сараптама тағайындалып, тиісті материалдар жиналуда", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы