Атырауда пәтерге қасақана өрт қойылған: анасы қаза тапты, баласы ауруханада

Атырауда тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алмагүл шағынауданындағы алты қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында 74 шаршы метр пәтерде өрт шықты. 

ТЖМ

ТЖД күшімен автосатымен және баспалдақ маршымен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды. Оған қоса – 54 адам, соның ішінде 30 бала эвакуацияланды.

"Өрт сөндірілді. Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Сондай-ақ 1994 жылы туған жігітті күйік шалып, ол ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу", – деді Атырау облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ РММ жедел кезекші көмекшісі Ақылбек Төлепов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!