Атыраудағы үйден шыққан өртке қатысы бар адам туралы жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 25 сәуірде болған еді. Атырау облысындағы Индер ауданында жантүршігерлік қылмыс болды. Бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында өрт шығып, 10 және 7 жастағы екі баланың мәйіті табылды. Олардың анасы мен 30 жастағы ер адам ауруханаға жеткізіліп, артынша денесінің 95 пайызын күйік шалған әйел адам ауруханада қайтыс болды.
Полицейлер оқиға орнынан өрт шығаруға арналған сұйықтық тауып алған. Күдікті 31 жастағы ер адам сұйықтықты жақын маңдағы жанармай құю бекетінен алған. Бұл сәт видеоға түсіп қалған. Ол марқұм әйелдің танысы болып шыққан. Күдікті Оралға бара жатқан жерінен ұсталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторында отыр.
Шілдеде тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Істі Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты қарап жатыр.
Күдікті психикалық ауытқуы бар немесе ішімдік пен нашақорлыққа тәуелді адам болуы мүмкін.
Қазіргі таңда іс бойынша күдіктілерден жауап алынып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!