- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда өзеннің тасу...
Атырауда өзеннің тасу қаупіне байланысты 7000-ға жуық мал эвакуацияланды
Фото:
видеодан алынған кадр
Атырау облысы Жылыой ауданында тұрғындар мен ТЖД күштерімен 6809 бас мал қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ мұнда бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жылыой ауданындағы Құрсай өзегінің су басу қаупі орын алуына байланысты бөгеттерді нығайту жұмыстарына ЖАО, АПБ, ТЖД, Әскери бөлімнен 321 қызметкер, 121 техника және ауыл тұрғындары мен еріктілерден тұратын 4 030 адам жұмылдырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы