Атырауда өзеннен үш баланың мәйіті табылды

Фото: Видео кадры

Атырауда үш бала өзеннен өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы Береке ауылында 3 баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту түскен.

Оқиға орнына жеткен кезде 2008 жылы туған балалар белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға батып кеткені анықталған. Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің денесін судан шығарды.

Үшінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасатын болады.

Атырау облысы ТЖД 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина