- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда облысында "Жайлы...
Атырауда облысында "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынған ғимаратта мигранттар заңсыз жұмыс істеген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасындағы заңбұзушылықтар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл мамырда Агенттікке Атырау облысы Құрманғазы ауылындағы мектептің құрылыс нормалары бұзылып, құрылыс сапасының нашар екеніне наразылық түскен, соның негізінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері құрылысты тексерген.
Тексерістер нәтижесінде, Атырау облысының Сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және Көші-қон полициясы заңбұзушылықтарды растады. Мердігер ұйымға және техникалық қадағалау компаниясына қатысты анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамамен әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, мигранттарды заңсыз пайдалану дерегі бойынша құрылыс салушыға және Өзбекстан Республикасының 10 азаматына (депортациясыз) айыппұл салынып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына мониторинг жүргізді. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 30 миллиардтан аса теңгеге бағаның көтерілуіне жол берілмеді. Жоба басталғаннан бері 4 жыл ішінде 171 миллиардқа жуық теңге үнемделді.
Бағаны көтеру анықталған тауарлардың негізгі түрлері: әр түрлі техника мен жабдықтар, жанар-жағармай материалдары, кеңсе тауарлары, азық-түлік өнімдері және үй-жайды жалдау.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек