- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда немересімен серуендеп...
Атырауда немересімен серуендеп жүрген зейнеткер мұз астына құлап, қаза тапты
Атырауда зейнеткер мен 10 жастағы бала Жайық өзенінде серуендеп жүргенде, мұз ойылып, суға батып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау ТДЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылғы 4 желтоқсанда сағат 20:49-да Атырауда Жұмыскер ауылы маңында Жайық өзенінде мұз ойылып, ер адам суға батып кеткені жөнінде шақырту түсті.
Сағат 21:10-да Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері мұз үстімен серуендеп жүрген кезде, мұз ойылып суға батып кеткен 1950 жылы туған К. есімді ер адамның денесін тапты.
Куәгерлердің айтуынша, сүңгуірлер зейнеткердің 2012 жылы туған немересін құтқарды. Ол балалар облыстық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілген.
Ведомство мәліметінше, Жайық өзенінің жағасындағы мұздың қалыңдығы небәрі 3-4 сантиметр, ортасында мұз әлі қатып үлгермеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек