Атырауда мұнай компаниясына ірі көлемде айыппұл салынды

Атырауда мұнай компаниясына ірі көлемде айыппұл салынды
Фото: depositphotos.com

Атыраудағы мұнай компаниясына экологиялық заңбұзушылық үшін 3 миллиард теңгеден аса айыппұл салынды. Сот орындаушылары жергілікті бюджетке 490 миллион теңгеден аса қаражатты өндірді, деп хабарлайды Massaget.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Атырау облысы прокуратурасының хабарлауынша, заңбұзушылық табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын тексеру барысында анықталды. "ЖАН и КС" компаниясы ұңғымаларды бұрғылау кезінде бұрғылау шламы мен пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін заңсыз жинақтаған.

Осы үшін кәсіпорын ӘҚБтК-нің 328-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компания айыппұлға сот тәртібімен шағымданбақ болды, алайда оның шағымдары қанағаттандырылмады. Қаулы заңды күшіне енді.

Жарты миллиард теңгеге жуық қаражат бюджетке түсті

Қаулы күшіне енгеннен кейін айыппұл мәжбүрлі түрде өндіріле бастады. Бүгінгі таңда сот орындаушылары Атырау бюджетіне 490 миллион теңгеден аса қаражат аударды. Қалған соманы өндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Сонымен қатар экологиялық айыппұлдарды бөлу тәртібі де өзгерді. Бұрын мұндай түсімдер республикалық бюджетке жіберілетін болса, енді бұл қаражат өңірлік бюджетте қалады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget