Атырауда мопед пен ВАЗ автокөлігін мінгендер жол апатына ұшырады. Соның салдарынан кәмелет жасына толмаған бала зардап шекті. Қазір ол ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Жол апаты бүгін, 6 наурыз күні Махамбет пен Әбдірахманво көшелерінің қиылысында болған. Мопед жүргізушісінің жасы 16-да. Жедел жәрдем оны облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
"Оқиға орнына шақырту сағат 13:41-де түсті. Кәмелет жасына толмаған бала ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы орташа және дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!