- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда мопед жүргізген...
Атырауда мопед жүргізген 15 жастағы жасөспірімнің анасы айыппұл төледі
Құлсары қаласында 15 жастағы жасөспірім мопедпен көлікке соқтығысқан.Ұлының әрекеті үшін анасы айыппұл төледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облыстық сотына сілтеме жасап.
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімнің анасы Р.С-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.
"Р.С-ның кәмелетке толмаған 15 жасар ұлы Н.Л. биылғы мамыр айында Құлсары қаласында "Самурай" мопедін жүргізуші куәлігінсіз жүргізіп, Toyota Camry маркалы көлігімен соқтығысқан. Анасының ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірімнің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген. Р.С.-нің кінәсі іс құжаттарымен толық дәлелденді. Ол сотта кінәсін мойындап, ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады", -делінген хабарламада.
Сот қаулысымен Р.С. жоғарыда көрсетілген баппен кінәлі деп танылды.
"Оның жеке басы, жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай, құқық бұзушылықтың сипаты ескерілді. Оған 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", -делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы