- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда мереке күні...
Атырауда мереке күні қайғылы оқиға болып, 1 адам қаза тапты
Атырауда мереке күні тұрғын үйден шыққан өрттен 1 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Ал күйік шалған 4 адам әлі де ауруханада. Оқиға кеше қала іргесіндегі Көкарна ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған.
Таңертеңгі сағат 11.10-да Call орталыққа үйден түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасы жарылғаны, салдарынан 9 шаршы метр көлемінде қабырға қирағаны анықталды. Лаулаған жалын сағат 12:22-де толық өшірілді.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда тұрғын үйде газ бен ауа қоспасы жарылып, өртке ұласқаны хабарланды. Өрттен 5 адамды күйік шалып, бәрі ауруханаға жатқызылған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова