Атырауда мектептің алдында 7 жасар қызды көлік қағып кеткен

Атырауда мектептің алдында 7 жасар қызды көлік қағып кеткен. Оқиға салдарынан оқушы көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысы Полиция департаменті мәліметінше, 6 сәуірде сағат 07:45 шамасында жаяу жүргіншіні көлік қаққан.

"Алдын ала мәлімет бойынша 1974 жылы туған жүргізуші тізгіндеген Toyota Hiace көлігі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған оқушыны қағып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Жергілікті БАҚ мәліметінше, қайғылы оқиға қаладағы мектептердің бірінің алдында болған.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе, жаяу жүргіншілер өткелінде жылдамдықты төмендетіп, мұқият болуға шақырды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!