Атырауда мектептер офлайн оқуға оралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді.
"Атырау қаласында және қала маңындағы елдімекендерінде жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуына байланысты 29 сәуірде облыс орталығының барлық мектебі офлайн оқыту форматына көшеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, балалар белгілі себептермен Атырау қаласынан тыс жерде болса, олар оқуын онлайн форматта жалғастыра алады.
Атырау облысында су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда одан әрі іс-қимыл алгоритмі алдын ала хабарланатыны айтылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!