Атырауда мектептен өрт шықты

Атырауда мектептен өрт шықты
Фото: "Ақ Жайық"

Атырауда Жолдасқали Досмұхамбетов атындағы мамандандырылған мектеп-лицейде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

М.Әуезов даңғылы бойында орналасқан екі қабатты ғимараттың шатырынан өрт шыққан. Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метр болған.

"Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қызметкерлер ғимараттан өз бетінше эвакуацияланды. ТЖМ құтқарушыларының жедел әрекетінің арқасында өрт одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт толық сөндірілді", - деді Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары Жантөре Демешов.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget