- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда мас жүргізуші...
Атырауда мас жүргізуші үш баланы қағып, қашып кеткен
Атырауда мас жүргізуші үш баланы қағып, қашып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 5 маусымда сағат 21:00 шамасында Исатай ауданындағы Жанбай ауылында болған. Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, полицейлерге ВАЗ 2114 маркалы көлігі Сейфуллин көшесінде үш баланы қағып, қашып кеткені туралы хабар түскен. Жедел-іздестіру шарасы басталған.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары 30 жастағы жүргізушіні ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Бірақ жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақатын алған 10 және 9 жастағы балалар ауруханаға жеткізілді.
Артынша жүргізуші жеңіл мас болғаны анықталды. Іс сотқа жіберілді. Енді жүргізуші 7 жылға дейін жүргізу куәлігінен айырылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина