Атырауда көлік құралын басқару құқығынан айырылған күйде басқарған тұлға жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
2 маусымда сағат 11:31 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері Азаттық-Шалқыма көшесі бойынан Interceptor іздеу базасы арқылы төленбеген 4 айыппұлы бар маркасы Nexia аатокөлігін байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.
Аталған автокөлік тоқтатылып, тексеру барысында 1981 жылы туған жүргізушінің көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
41 жастағы көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айып тұрағына қойылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!