Атырауда мас әйел полицей қызметкеріне пышақ сұқты

Атырауда мас әйел полицей қызметкеріне пышақ сұқты
Фото: depositphotos.com

Атырауда мас әйел полицей қызметкеріне пышақ сұқты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 16 қазанда шамамен 20:50-де Привокзальный шағынауданындағы үйлердің бірінде болған. Екі учаскелік полиция инспекторы отбасылық жанжал бойынша шақыртуға келген.

"Қызметкерлер тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау жөніндегі өз міндеттері шеңберінде әрекет етті. Жанжал тудырған ер адамды жеткізуге талпыныс кезінде пәтерде болған ер адамның мас күйдегі жұбайы учаскелік инспекторлардың бірінің арқасына пышақпен сұғып алған", - делінген хабарламада.

Серіктесі дер кезінде әрекет етіп, шабуылды тоқтатқан.

"Жараланған полицей Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыс құралы - асүйлік пышақ - тәркіленді. Күдіктінің әрекеті полицейлердің бейнетіркегішіне тіркелген. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget