Қазіргі уақытта қарғын су Көздіғара ауылына келіп тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Атырау облыстық су полициясы Балабейіт қыстағының тұрғындарын қайық арқылы 1 сәуір күні эвакуациялаған.
Балабейітте 3 үй, 11 адам бар.
Миялы ауылының тұрғыны Есенбай Сәмекұлының айтуынша, Миялыдағы қауіп сәл де болса сейілгенімен, тасқын судан қауіп қазір Аққора, Тайсойған, Жангелдин, Жасқайрат, Қоныстану, Қаракөл, Тасшағыл, Қарабау ауылдарына төніп тұр.
Еске салайық, бұған дейін Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.
Қазірдің өзінде Ойылға келген топан су "Миялы - Жангелдин" көпірін су жарып өтті. Әзірге тасқын су зардабынан нақты шығын көлемінің қанша екені белгісіз.
Баян Жанұзақова
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз