- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда күшікті аяусыз...
Атырауда күшікті аяусыз қорлаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Атырауда күшікті қорлаған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
22 мамырда әлеуметтік желіде жануарға қатыгездік танытқан адамның видеосы пайда болды. Бала көтерген ер адам күшікті үлкендер мен балалардың көзінше лақтырып жібереді.
Полиция департаменті оқиға Жұлдыз шағынауданында орналасқан балабақша ауласында болғанын мәлімдеді. 30 жастағы ер адам күшікті теуіп, жарға лақтырып, қараусыз жүрген күшікті қинаған.
Осы дерек бойынша күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабымен жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, жануарларды кәмелетке толмағандардың көзінше азаптау жазасы анағұрлым қатал - 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не төрт жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу/ айыру, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен қатар екі жылға дейінгі мерзімге немесе онсыз бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова