Атырауда Құрбан Айт кезінде 10 мың балаға сыйлық таратылады

Атырау облысында биыл Құрбан айт бұқаралық сипатта аталып өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, Құрбан айт құрметіне биыл Атырау қаласындағы "Исатай – Махамбет" орталық алаңында киіз үйлер тігіледі. Киіз үйлерде тұрғындарға дәм ұсынылады. Және ұлттық ойындар бойынша түрлі сайыстар өткізу жоспарланып отыр.

"Бұдан бөлек, 10 мың балаға айттық сыйлықтар дайындалып жатыр. Сыйлықтар облыс орталығында ғана емес, аудандарда, ауылдық елді мекендерде де бүлдіршіндерге таратылады. Ондағы мақсатымыз – ұлық мерекені балаларға да сезіндіру" дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, биыл Құрбан айт 28, 29, 30 маусым күндері өтеді. Ниет еткен адамдар құрбан малын өз үйінде шала алады. Немесе мүфтият ұсынып отырған арнайы платформа арқылы, онлайн форматта құрбандық шалу мүмкіндігін пайдалана алады.


Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!