Атырауда құны 67 миллион теңге болатын заңсыз темекі тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірлік мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
Рейд барысында ведомство қызметкерлері 100 мыңға жуық заңсыз темекі өнімін анықтаған.
"Кәсіпорын мемлекеттік кірістер органдарында темекі өнімдерін көтерме сатушы ретінде тіркемей жұмыс істеген", - делінген хабарламада.
Тексеріс қорытындысы бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!