Атырауда ҚР Мемлекеттік статистикасының 105 жылдығы аталып өтті

Атырауда ҚР Мемлекеттік статистикасының 105 жылдығы аталып өтті
Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика жүйесінің 105 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. 

"Статистика – мемлекеттің алдағы даму жоспарын айқындайтын маңызды параметр. Сіздердің жинақтаған деректеріңіз елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жалпы жағдайын көрсетеді. Қауырсын қалам мен есеп-шоттан бастау алған, кейін калькулятор мен компьютер арқылы жалғасқан статистика тарихы бүгінде жаңа серпіліс кезеңіне өтті. Қазіргі уақытта жасанды интеллектке негізделген шешімдер қабылдау дәуірі басталды. Мемлекет басшысы атап өткендей, жұмыстың тиімділігін арттыру және дәлдікті қамтамасыз ету мақсатында статистика саласы да цифрлық жаңғыру жолына түсті. Бұл бағыттағы жаңа міндеттерді орындауға біздің мамандардың әлеуеті толық жеткілікті деп есептеймін", – деді Дарын Шамұратов. 

Салтанатты жиын барысында облыс әкімінің орынбасары салада ұзақ жыл еңбек етіп, кәсіби жетістіктерге қол жеткізген бірқатар қызметкерге облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев та бір топ статистке  Алғыс хат тапсырды.

Бұдан бөлек, сала үздіктері "Қызмет" салалық кәсіподағының медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Атырау облысы әкімдігі ұсынған материал

Massaget.kz
Logotype Massaget