Атырауда қос азаматтығын жасырған тұлға 500 мың теңгеден астам айыппұл төледі

Атырауда қос азаматтығын жасырған тұлға 500 мың теңгеден астам айыппұл төледі
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Атырау облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтығы бар Құрманғазы ауданының тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Қазақстан Республикасының тумасы және 2002 жылы алғаш рет Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеген. Алайда 2023 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдап, сол жылы шілде айында Ресей азаматтығын куәландыратын құжаттарын алған.

Анықталған ер адамға ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Құрманғазы аудандық сотына жолданды. Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 140 айлық есептік көрсеткіш, яғни 516 880 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді.

Сонымен қатар аталған дерек негізінде 47 жастағы азаматты Қазақстан азаматтығынан айырып, мәліметтер тиісті ақпараттық жүйелерге енгізілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан