Атырауда көпірден секіргендер айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде жаяу жүргіншілерге арналған көпірден Жайық өзеніне секірген жасөспірімдердің видеосы тараған еді.
Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы мәліметінше, бұл дерек бойынша мемлекеттік мекемелердің көмегімен 3 жасөспірім анықталып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Департамент қызметкерлері жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Атырау облысының аймағында суға шомылу маусымы ресми түрде ашылған жоқ. Өз өмірлеріңізге жауапкершілікпен қараңыздар!" - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!