- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда көпқабатты 24...
Атырауда көпқабатты 24 үйдің құрылысы төрт жылдан бері тоқтап қалған
Атырауға қарасты Талғайраң ауылында салынып жатқан көпқабатты 24 үйдің құрылысы төрт жылдан бері тоқтап тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрылысы 2019 жылы басталған үй 2020 жылы қолданысқа берілуі керек болатын. Алайда 11 миллиард теңге жұмсалғанына қарамастан, тұрғын үй құрылысы аяқсыз қалып отыр.
Құрылыстың тұралауына түрлі фактор себеп болған.
"Біріншіден, үйлер инженерлік желілерді жүргізбестен салына бастаған. Үйлер газ құбыры да, су құбыры да жоқ жерде тұрғызылған. Жаңа шағынауданды инфрақұрылыммен толық қамтамасыз ету үшін бюджеттен қосымша ірі сома қажет", - дейді Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи.
Әкімдіктің есебі бойынша, бұл шағынауданға бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінуі керек.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz