Атырауда концерт кезінде 80-ге жуық бала адасып кеткен

Атырауда концерт кезінде 80-ге жуық бала адасып кеткен
Фото: Видео кадры

Атырауда концерт кезінде ата-анасынан көз жазып қалған 80-ге жуық бала аман табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара кезінде Исатай-Махамбет алаңында 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған. Олар жедел түрде табылып, заңды өкілдеріне табысталды. Балалардың көбі бір сағатқа жетпей анықталды.

Тек бір жасөспірімді полицейлер 3 сағатқа жуық іздеді. Көпшілік шара барысында ата-анасынан көз жазып қалған 7 жастағы жасөспірім бейнекамералар арқылы анықталды. Бүлдіршін анасын таппаған соң, бірден оның жұмыс орнына баруға шешім қабылдаған. Баланы камера арқылы анықтаған инспекторлар анасына әкеп қауыштырды.

Мұндай оқиғаларға байланысты полиция ата-аналарға адамдар көп жиналатын орындарда балаларға мұқият болуды, оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget