Атырауда жергілікті кәсіпкер жалған ақпарат жеткізгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
2023 жылдың қыркүйегінде Атырау полициясына дизель отынын сататын кәсіпкер банк маңында тұрақта тұрған көлігінен 12 миллион теңге ұрланғаны туралы шағыммен хабарласқан. Полицей кәсіпкерге жалған мәлімдеме жасаудың салдары болатынын ескерткен.
Тергеу барасында ұрлықты кәсіпкердің өзі ұйымдастырғаны белгілі болды. Ол құрылысшымен келісіп, көліктен ақша ұрлауды ұйымдастырып, ол үшін екі миллион теңге берген.
Сот кәсіпкерді ауыр қылмыс жасады деген айыппен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігі "Көрінеу жалған хабарлау" бойынша кінәлі деп таныды. Ол үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Екінші қатысушыға да көмек көрсетті деген айып тағылған. Екеуі де кінәсін мойындап, өкініп, нәтижесінде сот айыпталушыларды үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!