Атырауда көлік жүргізушісі жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді қағып кеткен

Атырауда көлік жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 30 қыркүйекте сағат 18:40 шамасында болған. Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі Қ.Сәтбаев-Ерниязов көшелері қиылысында қызмет атқарып тұрған патрульдік полиция батальонының қызметкерін қағып құлатқан.

Салдарынан тәртіп сақшысы түрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

"Қазір оқиғаға қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр. Сараптама қорытындысына сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданады. Көлік жүргізушісі жол қозғалысын реттеп тұрған патрульдік полиция қызметкерін көзі күнге шағылысып көрмей қалғанын және өкінетінін жеткізді", – деп жазылған полицияның жауабында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!