Атырауда 19.00 мен 23.00 аралығында велосипед тепкендер жауапқа тартылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, Жайық жағалауында кешкі серуен уақытында, яғни сағат 19:00 мен 23:00 аралығында велосипед айдауға тиым салынған жол белгісі бар. Алайда, бұл белгі тұрса да құқық бұзушылықтарға жол беретін тұрғындар жетерлік.
"Кешкі уақытта жаяу серуендейтін тұрғындар тарапынан да жиі арыз-шағымдар түседі. Себебі, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларда кішкентай балалар үшін велосипед тебетіндермен қатар жүру қауіпті", - делінген баспасөз хабарламасында.
Атыраулық полицейлер 1 күннің өзінде белгіленген уақытқа қарамастан Жайық жағалауында велосипед айдаған 10 тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1 бөлігімен хаттама толтырып, 2 АЕК айыппұл салды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!