- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда қазақ драма...
Атырауда қазақ драма театрының директоры қайтыс болды
Атырауда Махамбет Өтемісов атындағы қазақ драма театрының директоры Берік Жаменов өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Көңіл айтамыз. Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрының басшысы Жәменов Берік Килекешұлының өмірден өтуіне байланысты, театр ұжымына, туған-туыс, дос-жарандарына қайғыра көңіл айтамыз! Марқұмның топырағы торқа болып, Алла рақымына бөлей көрсін!" - делінген Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры хабарламасында.
Берік Қилекешұлы Жәменов 1964 жылы 28 қаңтарда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Приморье ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Гурьев облыстық музыкалық училищесін бітіріп, еңбек жолын "Нарын" фольклорлық ансамблінің әртісі болып бастаған.
1992-2000 жылдары облыстық филармония директорының орынбасары, 2000-2002 жылдары "Мұнайшы" МҮ директорының орынбасары, 2006 жылдан Махамбет атындағы Қазақ драма театрының директоры қызметтерін атқарған.
Жұбайы, танымал актриса Шарипа Жаменовамен бірге екі бала тәрбиелеп өсірген. Қазақстан мәдениетін дамытуға сіңірген еңбегі үшін ол "Тәуелсіздікке 20 жыл" медалімен, "Сахнагер-2018" ұлттық театр сыйлығымен, "Үздік менеджер" номинациясымен, "Құрмет" орденімен, "Махамбет" сыйлығымен марапатталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова