- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда қайғылы оқиғадан...
Атырауда қайғылы оқиғадан ер адам көз жұмды
Атырау қаласындағы Жерұйық мөлтекауданында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінен 19 ақпан сағат 17:58-де түтін шыққаны туралы шақырту түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына жеткен кезде қос қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы бөлмелердің бірі ашық отпен жанып жатқанын анықтады.
Өрт сөндірушілер барлау жұмыстары барысында 1954 жылы туған ер адамның денесін шығарды. Олардың жедел қимылы нәтижесінде "тілсіз жаудың" басқа бөлмелерге таралып кетпеуіне жол берілмеді.
"Қызыл жалын сағат 18:47-де ауыздықталды. Оның шығу себебі анықталуда", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен төрт техникасы жұмылдырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы