Атырауда қауіпті жәндік қаптады: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Атырауда қауіпті жәндік қаптады: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Атырау облысында қарақұрт шаққан екі бала жансақтау бөлімінен шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір 13 және 17 жастағы жасөспірімдердің денсаулығына еш қауіп жоқ. Жағдайлары жақсы. Дегенмен өңірде зиянкестен келер қауіп азаймай тұр. Әсіресе, өңірдегі Индер, Исатай мен Құрманғазы аудандарындағы шаруалардың жағдайы қиын.

Бұған дейін бұл аудандарда 17 түйе мен 6 жылқы өлген. Қарақұрт тіпті мұндағы тұрғындардың өміріне де қауіп төндіріп еді. Сондықтан дәрігерлер көпшіліктен аса сақ болуды сұрап отыр.

"Мақат ауданынан қыз бала ауруханаға келіп түсті. Жағдайы ауыр болды. Мазасызданып, дәрігерлер тиісті ем берді. Қарақұртқа қарсы сарысу екті. Содан кейін науқастың беті бері қарады. 4 күннен кейін жазылып, үйіне жіберілді. Одан кейін 26 маусымда тағы бір жағдай тіркелді. Ол - қала тұрғыны, шөп шауып жатқанда қолын шағып алған. Жігіт те ауыр түсті, оған да тиісті медициналық көмек көрсетілді", - дейді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Марияш Жаңабергенова.

Еске салайық, бұған дейін екі бала жансақтау бөліміне түскені хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова