- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда қауіпті жәндік...
Атырауда қауіпті жәндік қаптады
Атырауда қарақұрт шаққан малдарға емдеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Атырау облысы аумағында соның ішінде құмды өңірлерде улы бүйе – қарақұрттың көбейіп, ауыл шаруашылығы жануарларына зардап шегіп жатыр. 2024 жылғы маусым-шілде айларында 485 бас түйе малын қарақұрт шағып, салдарынан 90 басы қырылып қалды. Симптоматикалық емдеу шаралары нәтижесінде 306 бас жануар сауығып, 89 бас малға әлі де емдеу жүргізіліп жатыр. Өлген мал иелеріне 65 211,2 мың теңге шығын келген.
Айта кетейік, улы жәндіктердің шағуының алдын алу, емдеу және өлген жануарларға өтемақы төлеу бюджет қаржысы есебінен қарастырылмаған. Алайда, соған қарамастан жергілікті ветеринар мамандар улы жәндік шаққан жануарларды емдеу шараларын күнделікті жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, улы бүйірлерден қорғану немесе оларды жоюды бюджет қаржысы есебінен атқарылатын іс-шаралар тізбесіне қосу бойынша шаралар қабылдау туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолданды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан