Атырауда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды (видео)

Атырауда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды (видео)
Фото: ІІМ

Атырауда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

27 маусымда сағат 14:00 шамасында Өркен шағынауданында көлік жүргізушісі дрифт жасағаны, сондай-ақ, жүргізуші мен жолаушы қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталған.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтың жолын кесіп, 22 жастағы жүргізуші мен 19 жастағы жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

"Оларға маневр жасау қағидаларын бұзу, қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын сақтамау және жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол ережесін бұзуы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", - деді ІІМ өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget