• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Атырауда картоп үш келіден артық сатылмайды

Атырауда картоп үш келіден артық сатылмайды
Фото: depositphotos.com

Атырауда картоп тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан тұрғындарға үш келіден артық сатылмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Мұндай шектеу қаладағы коммуналдық базарларда қойылған. Өйткені тұрақтандыру қорында небәрі 200 тонна картоп қалған. Оның келісі сауда нүктелерінде 180 теңгеден сатылып жатыр. Оны делдалдар қапшықтап алып, үстемеақы қосып, саудалап жатыр дейді әкімдіктегілер.

Сондықтан әр адамға үш келіден артық сатуға болмайды деген шектеу қоюға тура келген. Қазір тұрақтандыру қорындағы көкөніс бірер айға ғана жетеді деп жоспарланып отыр. Сондықтан жергілікті шаруалармен келісімшарт жасасып, қосымша картоп сатып алу жоспарланды.   

"Үш келіден шектеу қойылды. Өйткені тұтынушылар арзан бағаға сатып алып, әрі қарай жоғары бағамен сатып жатыр. Онымен қоса, кейбір тұтынушылар қапшықпен де алады. Сол үшін осындай шектеу қойылды", - дейді Атырау ӘКК АҚ азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Қайсар Құрманәлиев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова
Logotype Massaget