Атырауда қарақұрт шаққан екі бала ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Жаздың алғашқы айында баланы қарақұрт шаққан үш жағдай тіркелді. Барлық жағдайда балалар жеке үйдің ауласын тазалап, бақшада өнім теруге көмектесіп жүргенде шаққан.
Қарақұрт шағып алған екі бала Атырау облысы балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне орналастырылды.
"Балалардың жағдайы бірқалыпты, қазір олар палатаға ауысты. Бір бала емделіп, ауруханадан үйіне шықты. Егер сіз қандай жәндік шағып алғанын білмесеңіз, дереу медициналық көмекке жүгінгеніңіз жөн", - дейді облыстық аурухананың иммунологы Тәбие Елшібекова.
Еске салайық, бұған дейін де Атырау облысында қарақұрт шаққан он адам ауруханаға түскені хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!