Атырауда қоқыс полигонында қап-қап көкөніс төгіліп жатқан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, тау болып үйіліп жатқан пияздар "Агрофеликс" шаруа қожалығына тиесілі болып шықты.
"Былтыр 40 гектарға пияз егіп едік, ол аз болды. Сондықтан бұл жолы екі есеге көбейттік. Оны жинарда жаңбыр жауып, бүлініп қалды. Қанша сұрыптасақ та, көбісі жарамсыз болып қалды. Енді оны мал да жемейді. Амал жоқ, жаңа жыл қарсаңында қоқысқа төгуге тура келді. Бұл көкөніс қорына да, бағасына да әсер етпейді. Яғни, алаңдауға негіз жоқ", - дейді қожалық иесі Енисей Юнь.
Айта кетейік, тұрақтандыру қорындағы 3 мың тоннадай пияздың үштен бірі жарамсыз болып, қоқысқа кетеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!