Атыраудағы Құрсай каналынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі АқЖайық сайтына сілтеме жасап.
Ер адам 13 мамырда сағат 18:20-да өлі табылған.
Су бетінде қалқыған денені жергілікті тұрғындар тауып алып, құтқарушыларға хабарлаған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәйітті полицияға тапсырды.
Жылыой аудандық полиция бөлімі 13 мамыр күні сағат 17:00-де 8 күн бұрын жоғалып кеткен 2003 жылы туған ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Дене жарақатының белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз