12 ақпанда Атырауда қалың қардың еруі салдарынан көшелерді су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдіктің мәліметінше, қазір 2000 текше метр су шығарылды. Қала көшелерін жаңбыр мен еріген судан тазартуға 21 арнайы техника жұмылдырылды.
"Жұмыс толығымен аяқталғанша жалғасады. Арық жүйесінің жоқтығынан бұл оқиға маусымдық сипатқа ие. Жағдай ТЖМ бақылауында", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!