Атырауда қабірлерді талқандағандар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Белгісіз біреулер Еркінқала шағынауданындағы қабірлерді талқандап кеткен. Олар құлыптасқа қойылған айшықтарды жұлып, топыраққа қадаған. Сонымен қатар, айналасындағы тастарын да талқандаған.
Жергілікті тұрғындар "бұл жат ағымдағы жамағаттың әрекеті болуы мүмкін" деп болжап отыр. Әзірге қаскөйлер анықталған жоқ. Полиция вандализм бабымен қылмыстық іс қозғап, күдіктілерді іздестіріп жатыр.
"Еркінқала маңындағы зираттарды бүлдіру дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бағытында жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады", - деді Атырау облысы ПД Ақпарат саясаты бөлімінің аға инспекторы Дина Мақсотова.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!