Атырауда қабірден қару-жарақ табылды

Атырауда қабірден қару-жарақ табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

13 сәуірде №79 мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері Атырау облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, жедел іздестіру іс-шараларын өткізген.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде азаматтың өз еркімен берген түсініктемесі бойынша заңсыз сақталған аңшы қаруы, 12 калибрлі 5 оқ-дәрі анықталған. Оның айтуынша, қаруды қабірдің ішіне жасырған.

"Ақ Жайық"

Қару мен оқ-дәрілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес тәркіленген. Қазір бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!