Атырауда екі адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Бұл оқиға 27 қарашада қаладағы көпқабатты үйдің артында болған. 42 жастағы әйел мен 34 жастағы ер адамның денесі жылу құбырында жатқан.
Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметі бойынша денені тексергенде дене жарақаттары болмаған.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді ПД өкілі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!