- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда жүргізу құқығы...
Атырауда жүргізу құқығы жоқ және мас күйде көлік басқарған ер адам қамауға алынды
Атырауда жүргізу құқығы жоқ және мас күйде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
22 маусым күні сағат 17:00 шамасында Баймұханов көшесі бойында Skoda Octavia автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында 1988 жылы туған жүргізушінің жүргізу құқығы жоқ екендігі және медициналық куәландыру нәтижесінде орта дәрежелі мас күйде көлік басқарғаны анықталып, Атырау облыстық наркологиялық диспансерінің уақытша бейімдеу және уытсыздандыру бөліміне орналастырылды.
Кейін ер адамға қатысты Қазақстан республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 6-бөліміне(Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Нәтижесінде әкімшілік соттың қаулысымен 35 жастағы ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина