Атырауда жолақысын төлеуден бас тартқан жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Оқиға №22 бағыттағы автобуста болған.
"Смарт-Атырау" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Арслан Ароновтың айтуынша, бұл оқиға жолаушы жолақысын төлеуден бас тартқан соң болған.
"Жүргізушінің бет-аузы мен көзі ісіп кетті. Жүргізуші полицияға арызын жазады. Бұзақы валидаторды да сындырып кетті", - деді Арслан Аронов.
Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол автобус жүргізушісін ұрғанын және валидаторды сындырғанын мойындап отыр. Енді ол заң алдында жауап береді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!