Атырауда жоғалған ер адам өлі табылды. Жұмыскер ауылы маңында сүңгуірлер жоғалған ер азаматтың денесін судан шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасп.
Іздестіру-құтқару жұмысының нәтижесі туралы Атырау облысы ТЖД хабарлады.
Полиция қызметкерлеріне көмектесу мақсатында құтқарушылар 22 қаңтарда сағат 17:00-ден бастап 1968 жылы туған азаматты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Жоғалған адам 21 қаңтарда сағат 4:00-де белгісіз бағытта үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.
Іздестіру-құтқару жұмыстары Атырау қаласы Жұмыскер ықшамауданы маңындағы Жайық өзені бойында сүңгуірлердің көмегімен жүзеге асырылған.
Нәтижесінде, 22 қаңтарда сағат 19:35-те іздестірілген азаматтың денесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова