Атырауда жекеменшік балабақшада 3 жасар қыз саусағынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, ата-ана мұның қалай болғанын білмейді. Балабақша өкілдері болған оқиғаның мән-жайын түсіндіре алмаған.
Сәбиді ауруханаға тәрбиеші алып кеткен. Баланың ата-анасы кейін медициналық мекемеге шақырылған.
"Сол қолының 4-ші саусағының жарақаттанған. Травматолог-ортопедпен кеңесу, қол-аяғы саусақтарының рентгенографиясы, жарақатты хирургиялық өңдеу, таңу, инфильтратив анестезия жүргізілді", - деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.
Сәбидің ата-анасы полицияға арыз жазған.
"Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Сот сараптамасы тағайындалды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!