Атырауда Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК өкілдері мәлімдеді. Гидрологиялық мониторинг бойынша мына деректер тіркелген:
"- Индербор кентіндегі гидропостта су деңгейі 21 сантиметрге дейін көтерілді. БҚО тарапынан судың келуі есебінен су тасқыны басталғалы бері жалпы су деңгейі 264 сантиметрге көтерілген,
- Махамбет кентінде су деңгейі 37 сантиметрге көтерілді, су тасқыны басталғалы бері жалпы судың көтерілу деңгейі - 260 сантиметр,
- Атырауда су деңгейі тағы 27 сантиметрге көтерілді, су тасқыны басталғалы бері жалпы судың көтерілу деңгейі 121 - сантиметр. Ал жалпы су деңгейі 312 сантиметрге жетті.
- 11 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу көлемі - 902 м3/с", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда барлық мектеп онлайн оқуға көшетіні хабарланды.
"Қалалық білім бөлімінің педагогикалық кеңесінің шешімімен 10 сәуірде Атырау қаласының барлық мектебі онлайн оқу форматына көшеді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!