Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 26 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша, Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 613 см, деңгейдің +9 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 390 сантиметр болады. Махамбет кентінің гидропостындағы деңгейі 728 см., тәулігіне + 7 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 411 сантиметр болады. Атырау қаласы гидропостындағы деңгейі 428 см., тәулігіне + 3см деңгейдің көтерілуі байқалады. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу - 237 см.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіліп отыр.
"26 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3/с", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!